Ортаққор:Қазақстандағы «Уики Жерді жақсы көреді — 2023» байқауы

This page is a translated version of a page Commons:Wiki Loves Earth 2023 in Kazakhstan and the translation is 96% complete. Changes to the translation template, respectively the source language can be submitted through Commons:Wiki Loves Earth 2023 in Kazakhstan and have to be approved by a translation administrator.
Outdated translations are marked like this.
«Уики Жерді сүйеді — 2023» Қазақстанда конкурсына қош келдіңіздер!
Басты бет Ережелер Қатысу Жүктелген суреттер Статистика Нәтижесі Халықаралық кезең
«Уики Жерді сүйеді — 2023» Қазақстанда конкурсына қош келдіңіздер!
Басты бет Ережелер Қатысу
Жүктелген суреттер Нәтижесі Халықаралық кезең

Биыл Қазақстан әйгілі «Уики Жерді жақсы көреді» фотобайқауында тағы да қатысады. Бұл байқау табиғи мұра нысандарына арналған және бүкіл әлем бойынша өтеді: оған биыл 51 мемлекет қатысады, Қазақстан тағы да солардың қатарында.

Негізгі шарттары

  • Қазақстандағы табиғи мұра нысандарын суретке түсіріңіз де, Ортаққорға жүктеңіз.
  • Тізімдегі нысандар ғана қабылданады. Нысандар тізімін ұйымдастырушылар үш тілде ұсынады: қазақ, орыс және ағылшын.
  • Фотосуреттерді өзіңіз түсіруіңіз керек және оларды CC-BY-SA-4.0 сияқты еркін лицензия бойынша шығаруыңыз керек.
  • Фотосуреттерді кез келген уақытта түсіруге болады, бірақ 15 маусым сағат 00:00 мен 15 шілде сағат 23:59 (UTC+6) аралығында жүктеп салу керек.

Сұрақтарыңыз болса, бізге талқылау бетінде немесе электрондық пошта арқылы хабарласыңыз.

Ұйымдастырушылар

Қазақстандағы «Уики Жерді жақсы көреді — 2023» байқауын Қазақ тіліндегі уикимедиашылардың пайдаланушылар тобы ресейлік Уикисаяхат қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырады.

  • Красный — негізгі координатор әрі әділқазы.
  • Bok — техникалық қолдау және табиғи мұра тізімдерін ұсыну.
  • Kaiyr — қазақ тілінде көмек көрсету және әділқазылар алқасының мүшесі.
  • ElenaLitera — әділқазылар алқасының мүшесі.
  • Rem.photographer — әділқазылар алқасының мүшесі.
  • Nkazbekov — әділқазылар алқасының мүшесі.

Өткен жылғы халықаралық жеңімпаздар

Халықаралық жеңімпаздар мен әртүрлі елдердегі жеңімпаздардың толық галереясын осы жерден көруге болады. Өткен жылғы Қазақстандағы байқау жеңімпаздарының тізімін мына жерде көрсетілген.

БАҚ біз туралы